Компания туралы – "Энергия РК"

Біз туралы

«Энергия РК» ЖШС жүйелік интегратор және телекоммуникациялық жабдықты жеткізуші болып табылады.

Компания 2006 жылы құрылған және бұл өз ісіне толықтай берілген, клиент үшін нәтиже алуға, бірегей қажеттіліктер мен жобаларды жүзеге асыруға, цифрлық (IT) өнімдер саласында,  өнеркәсіптегі, энергетика және  Қазақстан Республикасындағы және ТМД-дағы көліктегі компаниялар үшін инфокоммуникациялық жүйелер мен желілерді дамытуға дайын кәсіпқойлар командасы.

Бүгін «Энергия РК»  ЖШС-нің кез келген күрделі заманауи телекоммуникациялық жүйелерді енгізу тәжірибесі бар.  Аз уақыт ішінде біз индустриялық және энергетикалық кәсіпорындар арасында  өзімізді жауапты және жоғары кәсіби жеткізуші ретінде көрсете білдік, сондай-ақ экономиканың өзге де секторларында жұмыс тәжірибесі бар.

Біздің компания Қазақстан Республикасының аумағында келесі өндірушілердің өнімдері бойынша: Atos Unify (бұрын Siemens Enterprise Communications (Германия), Cisco (АҚШ), Microsens (Германия), OTN Systems (Бельгия), IDIS (Корея), Panasonic (Жапония), Platan (Польша), Hytera (ҚХР), НИТА (Ресей), Эридан (Ресей), Elteco (Словакия), Fujitsu (Жапония), DEPO Computers (Ресей), Tariscope (Софт Пи Ай компаниясы , Украина), Microsoft (АҚШ), Ruckus Wireless (АҚШ), Mimosa Networks by Airspan (АҚШ), Poly (бұрын Plantronics & Polycom, АҚШ), Televic (Бельгия), LG (Оңтүстік Корея), Hanwha Techwin (Корея) авторландырылған серіктес болып табылады. Аталған өндірушілердің басым көпшілігімен біз тікелей зауыттармен делдалсыз жұмыс істейміз.

«Мен, Біз – Ғаламшардың үздік инновациялары мен тірі Адамдардың энергиясы әлеуетінің бірлігі, өз ісіне толықтай берілген, клиент үшін нәтиже алуға, бірегей қажеттіліктер мен жобаларды жүзеге асыруға, цифрлық (IT) өнімдер саласында, өнеркәсіптегі, энергетика және көліктегі компаниялар үшін инфокоммуникациялық жүйелер мен желілерді дамытуға дайын кәсіпқойлар командасымыз».

 

Біздің құндылықтарымыз:

(компанияда оңтайлы шешімдерді жылдам қабылдауға арналған «ішкі компас»):

 

Мен, Махаббат:

Біз сенімдіміз: біз не істесек те, өзімізге және айналамыздағы әлемге деген Сүйіспеншілікпен жасаймыз.

 

Мен, Еңбек:

Біз сенімдіміз: біз не істесек те,  өз Ісімізді дайындықпен және адалдықпен жасаймыз

 

Мен, Даму:

Біз сенімдіміз: біз не істесек те,  өз әлеуетімізді Дамыту үшін жасаймыз.

 

Мен, Дұрыс ойлау:

Біз Реалистпіз және бізге шешімдер қабылдау үшін ақыл-ой, практикалық тәжірибе және өз қателіктерін талдай білу негіз болып табылатындығына сенеміз.

Лицензиялар:

Сертификаттар:

Scroll to Top