Atos Unify M – "Энергия РК"

Біз және Unify

Unify – коммуникациялық шешімдерді оңайлату үшін құрылған Atos бpeнді.

Uпify байланыс үшін ықпалдастырылған шешімдерді ұсына отырып, коммуникациялық бағдарламалық жасақтама мен сервистердің жетекші әлемдік брендтерінің бірі болып табылады. Unify ұсынған технологиялар қызметкерлердің арасында барынша тығыз өзара әрекеттестік үшін жағдай жасай отырып және олардың тиімділігін арттыра отырып, компанияларға өз қызметкерлерінің бірлескен жұмысына қатысты тәсілдемені толығымен өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл – бүкіл команданың өнімділігін жақсартуға, әрбір қызметкердің әлеуетін ашуға және бизнестің жалпы тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Energia RK – байланыс және ақпараттық технологиялар саласындағы сенімді және атқарымды шешімдерді қамтамасыз ету арқылы ҚР мен ТМД елдерінің өнеркәсіп, индустрия және энергетика секторларындағы мамандарға өз жұмысын жақсартуға 10 жылдан астам уақыт бойы көмектесіп келе жатқан Қазақстан Республикасы аумағындағы Unify-дің авторландырылған серіктесі.

Atos цифрлық қызметтер саласында көшбасшы болып табылады және жүйелік ықпалдастыру, консалтинг, бизнес-үдерістердің аутсорсингі, бұлтты есептеулер, үлкен деректерді басқару және қауіпсіздік саласындағы шешімдер бойынша сервистер ұсынады. Компанияның жылдық айналымы шамамен 12 миллиард еуроны құрайды, ал қызметкерлер саны 73 елде шамамен 110000 адамды құрайды. 

Компания Олимпиада және Паралимпада ойындарының дүниежүзілік ИТ-серіктесі болып табылады, сондай-ақ Францияның Euronext Paris қор нарығында өкілденген. Atos компаниясы бүкіл әлем бойынша Atos, Atos/Syntel және Unify брендтерімен жұмыс жасайды.

Шешімдер

Дауыстық платформалар
Кез-келген технологиялы ортада бірегейлендірілген коммуникациялар үшін қауіпсіз және масштабталатын платформалар.
Шағын және орта бизнеске арналған шешімдер
Арнайы шағын және орта бизнеске арналған бірегейлендірілген коммуникациялардың арқасында тиімділікті арттырып, бизнесіңізді жаңа деңгейге шығарыңыз.
Жалпы телефонияға қатысты кешенді тәсілдеме
Uпify жетекші салалық инженерлік шешімдермен күшейтілген және желіні экономикалық тұрғыда тиімді басқаруға бапталған үстелдік және мобильді телефондардың, сондай-ақ бағдарлауыштардың кең таңдауын ұсынады.
Бұлтты бірлескен жұмыс
Бірлескен жұмыс пен тілдесу үшін Сіздің командаларыңызға қажетті нәрселердің барлығы бір қосымшада. Қоңыраулар, бейне, экранға ортақ қол жеткізу, чат, файлдар алмасу және көптеген басқа нәрселер.
Байланыс орталығына арналған платформа

Қызмет көрстеу сапасы, қолдау жылдамдығы және бюджет арасындағы теңгерім. Кіріс, шығыс қоңыраулар немесе барлығы бірден – өзіңіз шешесіз.

Қандай жағдай болмасын, көпарналы байланыс орталығына арналған Unify шешімдері бизнес-мақсаттарыңызға қол жеткізуге жәрдемдеседі.

UC қосымшалары
Пайдалануға оңай, марапаттарға ие болған, бірегейлендірілген коммуникацияларға арналған қосымшалар өзара әрекеттесуді барынша оңтайландыруға және оны барынша өнімді етуге жәрдемдеседі.
Мәскеуде жыл сайынғы дәстүрлі Unify Vision Day конференциясы өтті. Өзін-өзі оқшаулаудың ұзақ кезеңінен кейін бұл іс-шара бетпе-бет тілдесудің әдеттегі пішімінде өткізілген отандық АКТ нарығындағы алғашқы іс-шаралардың бірі болды. Форумның жұмысына Unify серіктестері мен тапсырыс берушілері қатысты.
Конференцияның негізгі тақырыптары – Atos және Unify компанияларының бірігуін аяқтау, Unify брендін трансформациялау, жаңа өнімдер мен шешімдер, олардың басты ерекшеліктері, өнімдер тізбегін технологиялық дамыту бағыттары, тапсырысберушілердің қажеттіліктерінің өзгеруіне орай жеткізушіні сараптаудың өзгеруі, коронавирус пандемиясы жағдайында жұмыс істеу болды.
Мәскеуде жыл сайынғы дәстүрлі Unify Vision Day конференциясы өтті. Өзін-өзі оқшаулаудың ұзақ кезеңінен кейін бұл іс-шара бетпе-бет тілдесудің әдеттегі пішімінде өткізілген отандық АКТ нарығындағы алғашқы іс-шаралардың бірі болды. Форумның жұмысына Unify серіктестері мен тапсырыс берушілері қатысты.
Конференцияның негізгі тақырыптары – Atos және Unify компанияларының бірігуін аяқтау, Unify брендін трансформациялау, жаңа өнімдер мен шешімдер, олардың басты ерекшеліктері, өнімдер тізбегін технологиялық дамыту бағыттары, тапсырысберушілердің қажеттіліктерінің өзгеруіне орай жеткізушіні сараптаудың өзгеруі, коронавирус пандемиясы жағдайында жұмыс істеу болды.

Шағын өзгерістер Atos Uпify логотипіне қатыстыорын алады, Unify өнімдері бойынша маркетингілік материалдарды басып шығару стилі сәл өзгереді. Өнімдер тізбегінің атаулары бұрынғыша қалады, серіктестік бағдарламасы мен құралдар, сондай-ақ Ресей Федерациясындағы, ТМД және ЕАЭО-дағы өткізу арнасының екі деңгейлі құрылымы әдеттегі түрінде сақталады.

Қосылуға қарамастан, Германиядағы өндіруші-зауыт Unify Software and Solutions CmbH&Co бұрынғыша қалады және өз атауын өзгертпейді, өнім мен орамның таңбалауы, сондай-ақ бүкіл құжаттама бұрынғы күйінде қалады. Өнімді жаңадан сертификаттау қажет етілмейді.

Atos Unify серіктес

Сізге біздің маманның кеңесі қажет пе? Мұнда өтінім қалдырыңыз!

Өтінім қалдырыңыз




Өтінімді қалдыра отырып, Сіз ҚР "Дербес деректер туралы" № 94-V Заңына сәйкес дербес деректерді жинауға, сақтауға және өңдеуге келісім бересіз

Scroll to Top