Біз және Unify
Unify – коммуникациялық шешімдерді оңайлату үшін құрылған Atos бpeнді.
Uпify байланыс үшін ықпалдастырылған шешімдерді ұсына отырып, коммуникациялық бағдарламалық жасақтама мен сервистердің жетекші әлемдік брендтерінің бірі болып табылады. Unify ұсынған технологиялар қызметкерлердің арасында барынша тығыз өзара әрекеттестік үшін жағдай жасай отырып және олардың тиімділігін арттыра отырып, компанияларға өз қызметкерлерінің бірлескен жұмысына қатысты тәсілдемені толығымен өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл – бүкіл команданың өнімділігін жақсартуға, әрбір қызметкердің әлеуетін ашуға және бизнестің жалпы тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Energia RK – байланыс және ақпараттық технологиялар саласындағы сенімді және атқарымды шешімдерді қамтамасыз ету арқылы ҚР мен ТМД елдерінің өнеркәсіп, индустрия және энергетика секторларындағы мамандарға өз жұмысын жақсартуға 10 жылдан астам уақыт бойы көмектесіп келе жатқан Қазақстан Республикасы аумағындағы Unify-дің авторландырылған серіктесі.
Atos цифрлық қызметтер саласында көшбасшы болып табылады және жүйелік ықпалдастыру, консалтинг, бизнес-үдерістердің аутсорсингі, бұлтты есептеулер, үлкен деректерді басқару және қауіпсіздік саласындағы шешімдер бойынша сервистер ұсынады. Компанияның жылдық айналымы шамамен 12 миллиард еуроны құрайды, ал қызметкерлер саны 73 елде шамамен 110000 адамды құрайды.
Компания Олимпиада және Паралимпада ойындарының дүниежүзілік ИТ-серіктесі болып табылады, сондай-ақ Францияның Euronext Paris қор нарығында өкілденген. Atos компаниясы бүкіл әлем бойынша Atos, Atos/Syntel және Unify брендтерімен жұмыс жасайды.
Шешімдер
Дауыстық платформалар
Шағын және орта бизнеске арналған шешімдер
Жалпы телефонияға қатысты кешенді тәсілдеме
Бұлтты бірлескен жұмыс
Байланыс орталығына арналған платформа
Қызмет көрстеу сапасы, қолдау жылдамдығы және бюджет арасындағы теңгерім. Кіріс, шығыс қоңыраулар немесе барлығы бірден – өзіңіз шешесіз.
Қандай жағдай болмасын, көпарналы байланыс орталығына арналған Unify шешімдері бизнес-мақсаттарыңызға қол жеткізуге жәрдемдеседі.
UC қосымшалары
Шағын өзгерістер Atos Uпify логотипіне қатыстыорын алады, Unify өнімдері бойынша маркетингілік материалдарды басып шығару стилі сәл өзгереді. Өнімдер тізбегінің атаулары бұрынғыша қалады, серіктестік бағдарламасы мен құралдар, сондай-ақ өткізу арнасының екі деңгейлі құрылымы әдеттегі түрінде сақталады.
Қосылуға қарамастан, Германиядағы өндіруші-зауыт Unify Software and Solutions CmbH&Co бұрынғыша қалады және өз атауын өзгертпейді, өнім мен орамның таңбалауы, сондай-ақ бүкіл құжаттама бұрынғы күйінде қалады. Өнімді жаңадан сертификаттау қажет етілмейді.